АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР » "Жас алаш" ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
""Жас алаш" атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР
14
май
2016

АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР

АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР

 

 

Табиғат - адам баласы есеймей турып бала болганын қалайды. Бұл тәртіпті бұзатын болсақ, жетілу де, талғам да болмайтын, бұзылуды бәсеңдетпейтін шала ұрпақ тәрбиелейміз. Балалықтың бала бойында дамуына жол беріңіз.

Ж.Ж. Руссо

 

 

Біздің балалар— біздің болашағымыз. Дұрыс тәрбиелеу — бақытты болашақ, дұрыс тәрбиелемеу – біздің болашақ мұңымыз, көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдардың алдында, еліміздің алдында үлкен кінәміз.А.С.Макаренко

 

Егер сіз үйде дөрекі, мақтаншақ, маскүнем болсаңыз, бұдан да жаманы – анаңызды ренжітсеңіз, сізге ендігі тәрбие туралы ойлап керегі жоқ: сіз баланы тәрбиелеп отырсыз, тәрбиеңіз жаман және ешқандай жақсы кеңестер де, әдістер де көмектесе алмайды.А.С.Макаренко

 

Бала туралы пікіріңіз әділ, әрі дәл болса, оның әлемін біздің ортаға ауыстырып керегі жоқ, біз өзіміз оның ішкі дүниесін танып білуіміз керек.П.И.Пирогов

 

Баланы шошытып, барынша ренжіткен кезде, ол өзін сәби кезінен жалғызбын деп сезінеді.Д.И.Писарев

 

Өз балаларының бақытын құрамын деген сүюші ана, өзінің қөзқарасымен, есептің алдын болжай алмайтындықпен және орынсыз ерке қамқорлығымен жиі аяқ-қолын байлайды.Д.И.Писарев

 

Алғашқыда біз балаларды үйретеміз. Кейін өзіміз балалардан үйренеміз.Я.Райни

 

Көп әйелдер бала көтеру мен бала сүюдің еш айырмашылығы жоқ деп ойлайды. Мұны рояль сатып алсам, пианист бола аламын ба деген сұрақпен салыстыруға бола ма?С.Харрис

 

Сіз өзіңіздің балаңызды қалай бақытсыз етуге болатынын білесіз бе, ол - оның айтқанынан бас тартпауға үйрету.Ж.Ж.Руссо

 

Егер сіз балаңызға көнсеңіз, ол әміршіңіз болып дағдыланады; оны бағындыру үшін сізге минут сайын балаңызбен келісіп, сөйлесіп отыруыңыз керек.Ж.Ж.Руссо

 

 

Оқушылардың ата-аналарына пайдалы кеңестер

 

 

1ережеЖүктеме.

Ешқашан баланы бір уақытта бірінші сыныпқа және секцияға, үйірмеге жібермеңіз. 6-7 жастағы балалар үшін мектеп өмірінің басталуы қиын кезең болып саналады. Егер де балаңыз қыдыруға, демалуға, жанталасып сабақ қарауға мүмкіндігі болмаса, денсаулығына көңіл бөлу керек, жүйке ауруы басталуы мүмкін. Сондықтан, музыка немесе спорт сіздің балаңыздың тәрбиесінде маңызды роль атқарса, онда оны оқуға дейін бір жыл бұрын немесе екінші сыныптан бастап үйірмеге апарыңыз.

 

2ережеҮй жұмысын орындау.

Бала 10-15 минуттан артық назар сала алмайтынын есте сақтаңыз. Сондықтан, баламен сабақ қарағанда әр 10-15 минут сайын үзіліс жасап, сергітетін жаттығулар жасату керек: жай ғана орнында 10 рет секірту, жүгіру немесе музыкаға билеу т.б. Үй жұмысын жазбашадан бастауға немесе ауызша жұмыстармен кезектесіп орындаған дұрыс. Жалпы сабақ қарау – 1 сағаттан аспау керек.

 

3ережеКомпьютер.

Үлкен көретін жүктемені талап ететін компьютер, телевизор және т.б. айналысушылықтар күніне 1 сағаттан аспау керек, әлемдегі барлық елдердің офтальмологпен невропатологдәрігерлерімұны мақұлдады.

 

4ережеМақтау.

Бәрінен бұрын балаңыз оқудың бірінші жылдары сіздің қолдауыңызды қажет етеді. Ол тек қана сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасты қалыптастырмайды, сонымен қатар онымен біреуі достасқысы келетінін, ал енді біреуі достасқысы келмейтінін бірінші рет сезінеді. Дәл осы уақытта өзіне деген жеке ойы қалыптасады. Егерде сіз балаңыздың өзіне өзі сенімді, сабырлы болып өсуін қаласаңыз, міндетті түрде оны мақтаңыз, қолдау көрсетіңіз, «екі» деген бағаға және дәптерінің ұқыпсыздығына ұрыспаңыз. Үнемі ұрысу мен жазалаудан бала өзіне өзі сенімсіздігін жоғалтып алудың қасында бұл тіпті ұсақ мәселе.

 

5ережеБаланы ояту.

Баланы оятудың қажеті жоқ, көрпені жұлқылап, үнемі маза бермейтін анасына жиіркеніш пайда болуы мүмкін. Анасы бөлмеге кіріп келгенде ол алдын-ала сескенуі мүмкін. "Тұр. Кешігіп қаласың! ". Ең дұрысы оятарды пайдалануды үйрену. Ең тиімдісі оятарды сатып алып, оған сыйға бергенде: «Бұл оятар сенікі ғана болады, ол уақытында тұруға және кешікпеуге көмектеседі» деп ұтымды ойнау.

 

Егер балаңыз әзер оянса, ызаландырудың қажеті жоқ, «соңғы минуттар» туралы айғай тудырмау керек. Бұл сұрақты басқаша шешуге болады: " Ия, бүгін терте тұрғың келмейтінін түсінемін. Тағы бір 5 минут жата тұр ". Бұл сөздер сүйіспеншілік пен жылулық атмосферасын тудырады. Радионың үнін қаттырақ қосуға болады.

 

Баланы таңертең асықтырғанда, оның қимылдары одан бетер баяулайды. Бұл оның табиғи реакциясы, оған ұнамайтын, тәртіппен күресетін мықты қаруы.

 

Қайта-қайта жылдамдатпаңыз, одан да «10 минуттан кейін саған мектепке шығу керек», «Сағат 7, 30 минуттан кейін үстелге отырамыз» деп, жасап отырған ісін қай кезде аяқтау керектігін айтып отыру керек.

 

6ережеМектепке шығуы.

Егер балаңыз сөмкесіне оқулығын, ертеңгі асын, көзілдірігін салуды ұмытып кетсе, «Ұмытшақ, жауапкершілігің жоқ» деп ұрысқанша, үндемей заттарын берген жөн. «Қашан өз бетіңше көзілдірігіңді салып қоясың!» деп сөйлегенше, «Міне сенің көзілдірігің» деген дұрыс.

Мектептің алдында ұрыспаңыз, ақыл айтпаңыз. Қоштасарға: «Байқа, еркелемей тәртіпті бол» деудің орнына «Бүгін барлығы жақсы болсын» деңіз. «Сабақтан кейін ешқайда бармай, тура үйге кел!» демей, «сағат 2-де көрісерміз» деген балаға жағымды болар.

 

7ережеМектептен оралуы.

Әдеттегідей жауап беретін сұрақтар қоймаңыз:

- мектептегі қалың қалай?
- жақсы.
- бүгін не істедіңдер?
- ештеңе.
- қандай баға алдың?және т.б.

Ата-анаңыздың күткен бағасымен сіздің бағаңыз сәйкес келмегенде бұл сұрақтың қалай ашуды келтіретінін өзіңіз еске түсіріңіз («оларға мен емес, менің бағам маңызды»). Балаңыздың бетінде қандай эмоциялар «жазылып тұрғанын» бақылаңыз. («Бұл күн ауыр болды ма? Соңына дейін әрең шыдаған шығарсың. Үйге келгеніңе қуаныштысың ба?»).

"Әкең келді,демалып, газет оқысын".Оған наразылық пен өтініштерді үюдің қажеті жоқ. Кешке, кешкі ас үстінде, отбасы жиналғанда сөйлесуге болады, ас үстінде жақсы жаңалықтар туралы әңгіме қозғаған дұрыс. Бұл отбасын жақындатады.

 

8ережеҰйықтау уақыты.

Мектепке дейінгі немесе бастауыш сынып оқушыларын ата-аналардың өзі жатқызғаны дұрыс (әкесі және анасы). Егер ұйқы алдында баланы мұқият тыңдап, үрейлерін басып, оны қаншалықты жақсы түсінетінін білдіртсең, ол да ішкі жан дүниесін ашуға қорқыныштардан арылуға, тыныш ұйықтауға үйренеді.

Жуынуды немесе (шай, су, сүт) ішуді ұмытып кетсе, дау тудырмаңыз.

 


 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
DavidBlugs
8 января 2020 11:58
Возьмите займы онлайн

-----


займ на карту без отказов

----

Зацените сайт


госуслуги рф

----

Государсвенные услуги для всех граждан

----

http://partnerchina.ru/

----

Кому нужны товары из Китая?

----



Гормон Роста

-----

даже и не знаю...

-----


стальные входные двери в квартиру
RalphWeaks
14 января 2020 04:03
Когда нужно скачать софт

----


скачать стим с официального сайта

----

Здесь лучше всего заказать шарики с доставкой на всеми случаи

----


шары на 23 февраля

Когда срочно нужны деньги, их можно получить на карту онлайн

-----


взять займ онлайн

----

Хороший магазин для вас

----


воздушные шары